Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Павлодар ауданы емханасының барлық дәрігерлік амбулаторияларында медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі-МӘМС) өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша ақпараттық буклеттердің таратылуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету деңгейі едәуір артады. МӘМС пациентке сомасы бойынша шектелмеген қызметтер пакетін алуға мүмкіндік береді. Ол жарна мөлшеріне байланысты емес. Сақтандыру жоғары технологиялық операцияларды жабады. Сақтандыру пакеті аурудың алдын алуға бағытталған. Бұдан басқа, МӘМС жүйесі пациентке таңдау еркіндігін ұсынады.