140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу

12.03.2019

2019 жылғы 12 наурызында Красноармейка ауылының агротехникалық колледжінде тұрғындармен кездесі өтті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Павлодар ауданы емханасы бас дәрігерінің орынбасары, Емделушіні қолдау қызметінің жетекшісі Ибраева Сауле Олжабаевна сөз сөйледі. Кездесуге көп балалы әйелдер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар мен колледж студенттері қатысқан. 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады. Медициналық қызметтердің қай түрі ТМККК және МӘМС пакетіне енетін болатыны жөнінде түсініктеме жүргізілді. Қатысушылар МӘМС қорына жарналар бермейтіндер тізімімен танысып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жарналарды қалай төлейтіні жөнінде ақпарат алды. Бүктемелер таратылды. МӘМС мәселелері және көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша Павлодар ауданының емханасы сенім телефонына қоңырау шалу төмендегі телефондар бойынша жүзеге асырылады: 66-86-70, 87084668670.

4f9b42ce-177b-4fa1-8854-00a10689b7df

b17d4681-4553-4fcf-9117-61dcc280b22f






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа