Медицина қызметкері күні
Медицина күні қарсаңында емхананың мәжіліс залында бас дәрігер Гүлназ Мақанқызы Каирбаева барлық қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтауын жеткізді. Кейін бағалы сыйлықтарымен қоса, адал еңбегі үшін мақтау қағаздарын табыстады.
Облыстық сыннан сүрінбей өтіп, республикалық байқауда «Ең үздік дәрігер» номинациясы бойынша құрметті екінші орынды иеленген Новоямышево ауылы ДА жалпылама тәжірибе дәрігері Гүлнар Нұралықызы Сейтказина айрықша қуандырды.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.