МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ !
2017 жылғы 14 маусымындағы ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Бас дәрігердің орынбасары Г.З. Жаныгулова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтады. Гульнара Кипшакбаева, Бакытгуль Ожикова, Татьяна Салманова, Нурсулу Машенова, Нургуль Бихиярова, Елена Рыжая, Асем Жаманбаева, Баглан Нарханова, Валентина Тезекбаева және Еркеш Рахимова Павлодар ауданының поликлиникасы атынан Алғыс хаттары мен сыйлықтар алды. Бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары С.О. Ибраева алғыс білдірген пациенттердің хаттарын оқып берді. Поликлиниканың кәсіби одақ комитеті Гуля Жантемированы ұйым алдындағы жетістіктері үшін алғыс хатымен марапаттады. Айман Сеилханова мен Карлыгаш Аубакирова «Нұр Отан» партиясының құрмет мадақтамаларына ие болды.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік концерт өтті. Сөз реті келіп тұрғанда, 18 маусым күнін Павлодар ауданының медициналық жүйенің 318 қызметкері атап өтетінін айту керек. Бүгінгі таңда ауданымызда 20 медициналық пункті, 10 дәрігерлік амбулатория мен 3 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз !