140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Медициналық ұйым шеңберінде каскадты оқыту әдісімен МӘМС бойынша қосымша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

21.11.2019

2019 жылғы 21 қараша күні ШЖҚ «Павлодар ауданының емханасы» КМК ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде МӘМС тақырыбы бойынша медициналық қызметкерлерді каскадты оқыту іс-шарасы өткізілді. Бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары Ибраева Сәуле Олжабайқызы спикер болды.

Қызметкерлер өзекті тақырыптарды белсенді талқылады:

– ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек пакеттері.

-Жаңа ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді және халықты медициналық қамтамасыз ету деңгейін пайдалана отырып, пациенттерге медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру.

– МӘМС аударымының мөлшерлемелері және тәсілдері .

Естеріңізге саламыз, Қазақстанда МӘМС 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа