Медициналық қызметкерлер күні
Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбі күні Қазақстан медитциналық қызметкерлері өздерінің төл мерекесі – Медициналық қызметкерлер күнін тойлайды. 2019 жылғы 15 маусым күні Павлодар қаласының Орталық Жағажайында Медициналық қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өткізілді. «Павлодар облысының үздік ауылдық дәрігері» конкурсы бойынша Новочерноярка ауылы Дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Бағлан Кадыровна Макатова «Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» сертификатымен марапатталды. Сонымен бірге біздің қызметкерлер Павлодар ауданы емханасының зертханашы дәрігері Ляззат Каримовна Жакупбаева мен Достық ауылының фельдшері Фарида Кайкеновна Байдалинова Павлодар облысы әкімінің құрмет мадақтамаларымен марапатталған.