«Медициналық көмек: фотобейнедегі қамқорлық пен қайырымдылық» фотоконкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар шегінде 2016 жылғы 7-желтоқсанда облыс медициналық ұйымдар арасында «Медициналық көмек: фотобейнедегі қамқорлық пен қайырымдылық» атты фотоконкурс өтті.
Павлодар ауданының емханасы конкурсқа «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан Заря ауылы дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Анаргүл Нұрпеисова жұмысының суреттері орналасқан әсерлі стенд ұсынды.
Фотожобаның тұсау кесерін менеджер Нұрбикеш Шакимова өткізді.
Конкурстың нәтижесі бойынша біздің емханаға үшінші орын берілді.


Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.