140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Көктайғақ кезіндегі жарақаттарды алдын алу

26.12.2017

Пайдалы ақпарат

Көктайғақ кезіндегі жиі кездесетін жарақаттардың үш түрі:

1. Ми шайқалу жарақаты. Ең қауіпті, бірақ ми шайқалу жиі кездеспейтін жарақат түріне жатады. Ол сіз бүкіл денеңізбен арқағызға құлаған кезде желкеңізбен мұзға соғылған кезде пайда болады. Сіз есіңізден бірнеше минутке талып қаласыз. Адам құлағы бітеліп қалғандай болады. Бас миының шайқалысы – жабық бассүйек жарақатына жатады. Сондықтан міндетті түрде рентгенге түсу қажет. Ми шайқалысы кезінде бассүйек зақымдалмайды, яғни сүйек сынбайды және тігіс орындары сөгілмейді. Сүйек зақымы анықталса, ми ауыр жарақат – соққыға ұшырады деуге болады.

Белгілері: бірнеше минутке естен тану, жүрек айну, құсу, бас айналу, әлсіздік, жүздің қуқылдығы мен бас ауыруы мүмкін.

Не істеу керек:

Тыныштану қажет! Дереу жатып, анальгин немесе аспирин дәрісін ішіп, басығызға салқын компресс эасау керек (бір уыс қар алып, басуға болады). Бірнеше минут жата тұрығыз. Жүрек айну мен бас айналу сезімі кетсе де, кейін дереу дәрігерге қарану қажет!

2. Аяқ-қол сындыру (шығарып алу).

Белгілері: · сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы), аяқ-кол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толы емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

· аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде), аяқ-қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);

· зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде), кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);

· бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының закымдану белгілері айқындалады.

Не істеу керек:

Сынған жеріңізді қозғамай, яғни жұлмай, орнына келтірегу болмайды. Бір қалыпта ұстап, немесе орап қойыңыз. Ауыру сезімін басатын дәрісін ішіп, дереу ауруханаға бару қажет.

3. Буын аралығы созылысы мен үзілу

Белгілері:

Созылу немесе буын жыртылған кезде қытырға тән дыбыс естіледі. Кейін ісіп, көгереді. Саусақ сезімталдығы мен қимылы сақталады.

Не істеу керек:

Салқын компресс басып, қатты байлап, зақымдаған жеріңізді қозғамауға тырысыңыз. Аяғыңызды созып алсаңыз, оған жүк түсірмей басқаныңыз жөн. Дереу травматолог дәрігеріне қараныңыз.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа