Заря ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға арналған 🚫 Есірткінің зияны тақырыбында дәріс өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының физикалық және психикалық денсаулыққа тигізетін зияны, сондай-ақ болашаққа әсер ететін ауыр салдары туралы айтылды.
⚠️ Сонымен қатар жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тарту мәселесі, яғни «закладчик» ретінде жұмыс істеу тақырыбы да талқыланды. Мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні және ауыр құқықтық салдары болатыны түсіндірілді.
👩⚕️ Ерекше назар жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыруға, «жоқ» деп айта білуге және салауатты өмір салтын таңдауға аударылды.
💙 Өз денсаулығыңыз бен болашағыңызды қорғаңыз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.