Жүктіліктің алдын алу
Білім бөлімі мен мектептің жоспарына сай, 16 сәуір күні мектеп медбикесі Қумашева Г.Қ. және мектеп психологі Дандыбаева А.Б. “Көркем” қыздар клубының қатысуымен “Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу” тақырыбында түсіндірмелі жұмыстар өткізіп, бейнеролик ұсынды.
Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
Іс-шара мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушыларна айтып, түсіндіру.