140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Жаңа шатыр астында

15.10.2018

Новочернояркада жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы толығымен жүріп жатыр. Ғимарат елді мекеннің ортасында орналасып, ескі мен жаңа Черноярка ауылдарының 2,5 мың емделушіні біріктіруге арналған. Новочерноярка ауылы дәрігерлік амбулаториясының жеке ғимараты ешқашан болған емес. Бүгінгі таңға дейін олар ауыл әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан болатын. Ал ескі Черноярка ауылының медициналық пункті 3 бөлмелі жер үйінде болатын, онда барлық емделушілер симай жүрген.

Енді, ағымдағы жылдың наурыз айында Новочерноярка ауылында ауысымына 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Жоба мердігері «My Time» ЖШС аулданы 100 шаршы метрден артық аудан жаңа ғимаратын төрт ай ішінде көтеріп беретініне кепілдік берді. Есептемелер бойынша жоба облыстық бюджетке 127,7 млн теңгеге түседі. Жоспар бойынша жаз соңында тапсырылатын дәрігерлік амбулатория алғашқы емделушілерін қабылдауға дайын. Құрылысшылар үй қанаты мен шатырын орнату жұмыстарын аяқтап жатыр. Мердігер ішкі бөлмелерін әрлеуге кірісіп, амбулатория алаңын көркейту жұмыстары жүруде. Жуырда қоршау орналастырылатын болады. Аудандық емхана бас дәрігері Г.М. Каирбаеваның айтуынша салынып жатқан ОДА жаңа және ескі Черноярка ауылдарының амбулаториялық-клиникалық қызметтерін біріктіреді. Мұнда физио-, гинекологиялық, екпе және скрининг кабинеттері болады. Бұдан басқа химизатор және қақырық жинау кабинеті, онда туберкулезбен сырқаттанған науқастарды қарап, қажет дәрі-дәрмектер берілетін болады. Жаңа ОДА жеті медициналық қызметкерлерінің жұмыс орны болады.

Аудандық ауруханасында медициналық пункт орналасқан кішігірім жер үйін жас мамандарға тапсыру көзделіп отыр. Чернояркаға барып тұрамын дейтін дәрігерлер жоқ. Ондай жағдайда бюджеттік үй білім беру, мал дәрігерлер немесе полиция қызметтерінің жас отбасыларына берілетін болады. Мақала Павлодар аудандық «Нива» газетінің № 30 шықты.

383B9F16-E843-4B2D-9BE1-E36D456C7BFF 3429DA1F-278E-424C-BFAA-657FACF34B1B C9CF58BB-DCE3-40C5-827C-267DC1B8C22F 68E5EC88-18E4-4B19-AB80-48C5600B26C6






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа