Жаңа – Черноярка ауылының заманауи дәрігерлік амбулаториясы
Тәуелсіздік күні Жаңа – Черноярка ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды. Павлодар ауданы ауылының ғимарат құрылысы мен медициналық құрал-жабдықтарына облыстық бюджеттен 131 млн. теңге бөлінген. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Сауле Арыстанованың айтуы бойынша Новочерноярканың жаңа амбулаториясы 2,5 мың тұрғынға қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар бұл мекемеге Сычев ауылының медициналыө пункті де еніп отыр. Бұрын медициналық қызметкерлер науқастарды ауыл әкімдігінің бірінші қабаттағы жағдайы жасалмаған кабинеттерде қабылдаған болса, қазір амбулаторияның ауысымына 20 адамды қабылдайтын жеке ғимараты бар. Амбулатория 2016-2019 ж.ж. арналған «Денсаулық», Президенттің «Нақ 100 қадамы» бағдарламалары шеңберінде салынғаны туралы айтты Сауле Арыстанова. Павлодар ауданы ауруханасының бас дәрігері Гульназ Каирбаеваның айтуынша, Новочерноярка ауыл тұрғындары бұрын физио ем қабылдай алмаған, ал енді өздерінің елді мекендерінде жаңа амбулаторияда физио ем қабылдау мүмкіндігі пайда болды. Қоныс той өткеннен кейін жергілікті медициналық қызметкерлерде жаңа заманауи медициналық құралдар пайда болды: магнитті терапия аппараттары УЖЖ және жарықпен емдейтін «Биоптрон» аппараты. Медициналық мекеме тұрғындарға алғашқы медициналық және амбулаториялық көмек көрсетуге арналған. Штатта жалпы тәжірибелік дәрігер, зертханашы, акушер, мейіргерлер, әлеуметтік қызметкер, сонымен бірге шаруашылық қызметкер лауазымдары бар. Ауылда шамамен 2500 адам тұрады: солардың ішінде 1800 ересек адамдар, 500 астам фертильді жастағы әйелдер, 500 бала. Жыл сайын Новочерноярка ауылында шамамен 40 бала дүниеге келеді. Барлық кабинеттер санитариялық нормаларға сәйкес келеді, сондықтан медициналық қызметкерлер сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндіктері бар – деді бас дәрігер. Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенко мен аудандық мәслихат депутаты Дмитрий Корепанов ауыл тұрғындарын жаңа амбулаторияның ашылуымен құттықтады. Құрметті қонақтар дәстүрлі қызыл бауын кескеннен кейін, ауыл тұрғындары жаңа мекемемен танысуға, кабинеттерді аралап шығуға және артериалдық қысымын өлшеп алу мүмкіндігіне ие болды.