140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Жаңа автокөлігімен медициналық қызметкерлер

15.06.2017

2017 жылғы 15 маусым күні Естай атындағы ҚМС Медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Жиында Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бакауов пен Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымов құттықтау сөздерін айтты. Павлодар ауданының ауыл амбулаториялары жаңа төрт «Жедел жәрдем» автокөліктеріне ие болды. Заря, Луганск, Набережное ауылдарының амбулаториялары мен Ольгинка ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінде автомобильдер паркі жаңартылды. Кілттер марапатталғаннан кейін, денсаулық сақтау саласының үздіктерін марапаттау бойынша салтанатты бөлім басталды. Аудандық поликлиникасы бас дәрігерінің орынбасары Сауле Ибраева облыстық мәслихат атынан Алғыс хатымен марапатталды. Қалалық мәдениет сарайының сахнасында медициналық қызметкерлер үшін ҚР халық әртісі Роза Рымбаева мен Мичурино ауылының ОДА мейіргері, «Арманыңа сен!» конкурсының жеңімпазы Наталья Остякова өз өнерлерін көрсетті.
IMG_7344

IMG_7341

IMG_7343






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа