Жас маман – дәрі – дәрмекпен қамсыздандыру мейірбикесі
Үлкен отбасында тәрбиеленген адам – қамқоршы және қайырымды болады. Мысалы, Павлодар ауданы емханасының жас маманы, дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру мейірби- кесі – Лилия Александровна Романова сияқты. Лилия жалпы білім беру мектебін озат бітіріп, Павлодар жоғары медициналық колледжін тәмамдап, емханадағы жұмысқа кірісті. Әрине біздің Лилия мейірбике мамандығымен, сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру бойынша жауапкершілікпен жетік жұмыс істей алады!