«Есірткісіз әлем» Халықаралық кең ауқымды акциясы
«Есірткісіз әлем» Халықаралық кең ауқымды акциясы шеңберінде 2017 жылғы 19 сәуір күні «Болашақ» Жастардың денсаулық орталығы Мичурино ауылында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел отырысы алдында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, есірткі мен ББЗ (беттік белсенділік заттарының) адам ағзасына әсері туралы аудио-бейне роликтер көрсетілген. Шара аяқталғаннан кейін оқушыларға «Нашақорлықты алдын алу», «Қалай сауығу керек», «Өз денсаулығыңды қалай нығайту және сақтау керек» тақырыбына ақпараттық – білім беру материалдары таратылды.