Емхананы таңда
2017 жылғы 15 қыркүйектен бастап, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін, денсаулық сақтау субъектілеріне азаматтарды тіркеу жөніндегі науқан басталды, ол 2017 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартылады. Науқанды өткізу кезеңінде азаматтар мемлекеттік немесе жеке клиникаларды таңдай алу мүмкіндігіне ие болады, 2018 жылы сол жерде қызмет алады.
Егер Сіз тіркелінген емхана Сізге ұнайтын болса, Сізге науқан кезінде қайтадан тіркелу қажет емес.
Тұрғындардың білуі тиіс, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер, тек қана денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасында тіркелінген, денсаулық сақтау ұйымдарының арасында тіркеу науқаны өткізіледі.
Денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасы Фонда – fms.kz. сайтында орналасқан.
Азаматтарды емханаға тіркеу тұрақты немесе уақытша тұру орны бойынша, жұмысы, оқуы, дәрігерді, медициналық ұйымдарды бір әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде, еркін таңдау құқығын есепке алумен іске асырылады.
Таңдалған емханаға екі тәсілмен тіркелуге болады. Емханаға жеке басын растайтын құжаттармен келу керек және тіркеу орында бас дәрігердің атына еркін нысанда тіркеу туралы өтініш жазу керек, немесе «Электронды үкімет» (еgov.kz) веб-порталы арқылы сұрау салу керек
Азамат өз отбасының мүшелерін де олардың жоқ кезінде де тіркей алады. Оған ол үшін емхананың бас дәрігері атына жазған олардың жазбаша нысандағы өтініштері, сондай-ақ тіркелінетін барлық отбасыларының жеке куәліктерін ұсынса болғаны.
Егер тіркелінетін адамның жас шамасы 18-ден кіші болса, онда тіркейтін тұлғаның жеке куәлігі және оның заңды өкілінің (ата-аналар немесе қамқоршылар) құжаттары, сондай-ақ өкілдің өтініші болған жағдайда оны тіркеуге болады.
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, тіркеу науқаны кезеңінде тіркелуді еш кедергіссіз іске асыра алады.
Айтып өту керек, егер азамат таңдап алған емхананың қызмет көрсететін аумағында тұрмайтын болса, және дәрігерді үйге шақырту қызметінен бас тартпауға келісім бермеген кезде, онда емхана оны тіркеуден бас тартуға құқылы. Сонымен қатар, емханада тіркелінгендар саны артқан жағдайда да бас тарта алады.
Сіз тіркеу науқаны туралы толығырақ ақпаратты сайтта “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ, Facebook, instagram – @fms.kz – әлеуметтік желілеріндегі біздің парақшаларда табуға болады не бірыңғай Call-center 1414 телефоны арқылы кеңес алуға болады.