Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы
18.11.2017
2017 жылғы 13-19 қараша аралығында Павлодар ауданының поликлиникасы негізінде Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша апталығы өтті.
Апталық шеңберінде тұрғындар арасында ақпараттандырылуын жақсарту мен антибиотиктердің төзімділік қаупі жөнінде ақпараттық науқан өткізілді. Емхана пациенттері арасында сауалнама жүргізіліп, антибиотиктерді дұрыс пайдалану туралы бейне ролик көрсетілді.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.