«Денсаулық Фестивалі – 2017»
2017 жылғы 9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымыз – біздің қолымызда!» ұранымен «2017 жылғы денсаулық Фестивалі» және арнайы халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесіне арналған 30 км. қашықтығына дуатлон бойынша облыстық ашық чемпионаты өтті.
Бұл акцияның мақсаты – бұқара халық көпшілігін салауатты өмір салтын жүргізуге шақыру болып табылады.
Емхана қызметкерлері «Жаяу жүру зиян емес, жаяу жүрмеу зиян» девизімен «Жаяу жүру марафоны» акциясына қатысты. Фестиваль өту барысында «Денсаулық» медициналық қалашығы жұмыс істеді.
Павлодар ауданының поликлиникасы негізіндегі «Болашақ» жастар денсаулығы орталығының қызметкерлері «Шылым шегуді таста» тақырыбына тренинг өткізіп, кейін шылым шегуді алдын алу және салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын (кітапша, бүктемелер мен парақшаларды) таратты.