Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің республикалық жастар форумы
16-17 мамырда Қарағанды қаласында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің республикалық «Jastar – senim men serpin» жастар форумы өтті. Осы форумның делегаты біздің белсенді қызметкер және жастар кеңесінің мүшесі Жұматаева Бақыт Назымбекқызы болды.
Форум түрлі секциялардан, дөңгелек үстелдерден, тренингтерден және байқаулардан тұрды. 16 облыстан келген көркемөнерпаздар байқауында біздің Павлодар жастар кеңесі 2 орын алып, 200 мың теңге көлемінде сертификат алды. Сондай-ақ, “SENIM” жастар қозғалысының белсенділеріне Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының, облыс әкімдерінің, “SENIM” кәсіподақтың Орталық кеңесінің, Денсаулық сақтау басқармаларының Құрмет грамоталары табысталды.
500 мың теңгеге сертификат иегері Красноармейка ауылының ЖТД дәрігері Ермакова Наталья Валерьевна болды. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің республикалық жастар форумы мерекелік концертпен аяқталды.