«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БІРІНШІ ДЕҢГЕЙІНЕ СӘЙКЕС ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» семинары
11 қазанда Павлодар ауданының емхансында «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БІРІНШІ ДЕҢГЕЙІНЕ СӘЙКЕС ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» атты семинар өтті. Семинар Павлодар облысы ҮЕҰ-ның отбасылық жоспарлау жөніндегі аймақтық үйлестірушісі, жоғарғы санатты акушер-гинеколог Ғалия Жұматқызы Мұқажанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Семинарға акушер-гинекологтар, медбикелер, акушерлер, терапевт дәрігерлер және ДА-ның тәжірибелі дәрігерлері қатысты. Семинардың мақсаты: Отбасын жоспарлаудың сапалы қызметтерін көрсету үшін сауатты медицина қызметкерлерін дайындау. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында ұрпақты болу, денсаулығы мен отбасын жоспарлау туралы стандартталған заманауи ақпаратты ұсыну.