Денсаулықты таңда — болашақты таңда!
Достық мектебінде оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашақ өміріне тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс таңдау жасау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Дәрісті мектептің медицина қызметкері Байдалинова Ф.К. өткізді.
Басты мақсат — жасөспірімдердің есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.