140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Вакциналар Сізді жəне айналаңыздағы адамдарды күрделі аурулардан қорғау үшін жұмыс жасайды!» тақырыбына ата-аналар жиналысы

01.05.2018

2018 жылғы 26 сәуірінде Шақат ауылының ФАП медицина қызметкерлері «Вакциналар Сізді жəне айналаңыздағы адамдарды күрделі аурулардан қорғау үшін жұмыс жасайды!» тақырыбына ата-аналар жиналысын өткізді. Бүгінгі таңда әр отбасында «екпелер не үшін қажет?» деген сауал туындап отыр. Мамандар екпелердің өмірлік маңыздылығы мен қажеттігін түсіндіріп берді. Әрбір адам екпенің не және артықшылықтарын білуі тиіс.

Егу, вакцинация дегенiмiз — ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу (иммуни- зациялау) арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан.

Егу, вакцинация — балалар мен ересек адамдарды полиомиелит, қызылша, қызамық, күл (дифтерия), сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр нысандары, «В» гепатиті, эпидемиологиялық паротит және т.б. аурулардан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс. Бұл жұқпалар адам ағзасына түскенде олар асқынған ауру түрлерін туғызуы мүмкін. Вакцинация – жұқпалы ауруларға жасанды иммунитетін қалыптастыру болып табылады. Вакцинация – балаларды жұқпалы аурулардан қорғаудың қолжетімді, маңызды, әрі тиімді тәсілі.

Тыңдаушыларға 2018 жылғы 24-30 сәуір аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығы жүріп жатқанын еске салып, ақпараттық материалдар таратылды.

IMG_9588

IMG_9589






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа