Біздің үздік отбасылық дәрігер және оның командасы «Республикалық конкурсы»
2019 жылғы 6 желтоқсанында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасының жалпы тәжірибе дәрігерлері арасында «Біздің үздік отбасылық дәрігер және оның командасы» республикалық байқауының басталғанын жариялады. Ұйымдастырушылар-міндетті медициналық сақтандыру қоры және “Primary Health Care” Ұлттық Қауымдастығы — өмір бойы адамға еріп жүретін отбасылық дәрігерді қолдау мақсатын қойды. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша Заря ауылы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері Хабылгазы Халел Павлодар облысының қалалық дәрігерлері арасында ең көп дауыс жинады. Дәрігер Х. Хабылғазы және оның командаларын марапаттау рәсімі: учаскелік медбикелер Елена Владимировна Серенко, Анаргүл Бауыржанқызы Нұрпейісова, Гүлбахра Бердығұлқызы Эсиркапова, акушер Кенжегүл Ринатқызы Бухарбаева, психолог Бақыт Назымбекқызы Жұматаева және әлеуметтік қызметкер Айман Мұсақызы Ахметованы 24 желтоқсан күні Нұр — Сұлтан қаласында «МӘМС: қазақстандық медицинаның трансформациясы» форумында өтті. Емхана ұжымы мен ЖТД үлгілі командасын құттықтаймыз!








Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.