«Босануға дайындық мектебі»
Құрсақты болу – бұл нағыз бақыт. Сонымен қатар барлық келешек ана көптеген мәселелерді түсінгісі келіп тұратыны анық. Осы ғажайып тоғыз ай қалай өтеді? Қиындықсыз босануды қалай бастан кешіруге болады? Жаңа туған нәрестені қалай күтемін?
✅Осы және де тағы басқа сауалдарға жауаптарды біздің емханамызда 2019 жылғы 06 ақпанында ұйымдастырылған «Босануға дайындық мектебі» тренингісінде алды. Тренинг барысында емхананың психологы Асемгуль Абдикаримовна Хайруллина күдікті жүктілік белгілері, ауыру сезіміне қалай дайындалу керек, ауыруды басу мақсатымен тынысалу, релаксация өткізумен, өзін босануға қалай дайындау керектігі мәселерімен таныстырып шықты.
✅ Тренинг соңында болашақ аналар бар сауалдарына жауап алды.