140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Босануға дайындық мектебі

11.12.2019

Бүгін 11 желтоқсанда емхана психологы Б. Н. Жұматаева босануға дайындық мектебінде «Жүктілік кезіндегі мазасыздық белгілері» тақырыбында сабақ өткізді. Болашақ аналарға психолог жүкті әйелдің медициналық көмекке тез арада жүгінуі тиіс қауіпті жағдайлары, сондай-ақ арнайы емдеуді қажет етпейтін физиологиялық өзгерістер туралы айтып берді.

Сабақ тақырыбы бойынша психолог «жүкті эмоциялар және олармен күресу тәсілдері» туралы айтып берді, себебі болашақ ананы жүктілік кезінде мазалайтындар шаршау мен тітіркену сезімін тудырып қана қоймай, сонымен қатар токсикоздың және жүктіліктің үзілуі қаупінің себебі болуы мүмкін. Теріс эмоцияларымен күрес пен баламен кездесуге дайындалу бойынша ұсыныстар берілді.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа