Ақпараттық – имидждік тобының шығуы
Мемлекет басшысының XVIII съезде айтылған “Nur Otan” партиясының мақсаттарын түсіндіру үшін 10 сәуірде Ново-Ямышев ауылында Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі А. Ж. Маканова, Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Н. Тұрлыбаева, МӘМС бойынша психолог және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша спикер Б. Н. Жұматаева, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының директоры К. С. Сәрсембинова және ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е. Ю. Булдакованың қатысуымен ақпараттық-имидждік топтың кезекті шығуы ұйымдастырылды.
МӘМС пакеті нені қамтиды?
Сақтандырылған азаматтарға арналған МӘМС пакеті:
– әр адамның өмір сүру САПАСЫН жақсартатын медициналық көмек;
– қымбат тұратын зертханалық қызметтер және тексерулер;
– кеңейтілген амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
– стационарды алмастыратын медициналық көмек
– жоспарлы емдеуге жатқызуға жоғары қол жеткізу