Аға дәрігерлер мен ОМҚ үшін қызылшаны алдын алу мен емі туралы семинар
Қызылша –қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100%жұқпалы ауру ,яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады. Міне ,сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды. Қызылша ауруы асқынып, пневмония, менингит, энцефалит, обструкциялық бронх қабынуы, ларингостеноз және тағы басқа ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 2019 жылғы 13 ақпанында эпидемиолог дәрігері Бильтаева Г.Н. Павлодар ауданы емханасының аға дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері үшін қызылшаны алдын алу мен емдеу жөнінде семинар өткізді.