Ашық есік күні
2019 жылғы 23 ақпан күні Павлодар ауданының емханасы көпбалалы аналарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысында көпбалалы отбасылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды. Көпбалалы отбасы мүшелері алдын алу тексерістерінен өтіп, мамандардан кеңес алды. Барлығы 128 адам тексерістен өтті. Көпбалалы аналар үй жұмысының көптігіне байланысты, бұл акцияның өткізілуіне өз ризашылықтарын білдірді.



Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.