Ашық есік күні
13.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін аудан тұрғындарын бас және мойын ісіктері туралы хабардар болу апталығына орайластырылған Ашық есік күніне шақырамыз. Бұл күні онкологпен бас пен мойынның қатерлі ісіктерінің алдын алу бойынша тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға болады.
Сіздерді Павлодар қ., Малайсары батыр к-сі, 66, № 330 онколог кабинетінде күтеміз.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.