140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Аурухана ішіндегі жұқпаны бақылау және микробтарға қарсы препараттарына қарсытұрушылықпен күрес жөнінде 2017 жылғы 5 мамыр күні Павлодар облысының медициналық ұйымдарында қол гигиенасы бойынша өткізілген шара туралы АҚПАРАТ

05.05.2017

Қол гигиенасын қолдау және жақсарту кампаниясы шеңберінде 2017 жылғы 5 мамыр күні ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК «Адам өмірін сақтаңыз, қолыңызды таза ұстаңыз» ұранымен медициналық қызметкерлер арасында аурухана ішіндегі жұқпаны бақылау және микробтарға қарсы препараттарына қарсытұрушылықпен күрес жөнінде семинар өткізілді. Емшара мейіргері Т. Ищенко «Қол жуу алгоритмі» жөнінде мастер-класс пен қол гигиенасын ұстану бойынша рөлдік ойын ойналды. Поликлиниканың медициналық қызметкерлерімен «Қол гигиенасы алгоритмі» бойынша флеш-моб өткізілді. Тұрғындардың аурухана ішіндегі жұқпаны алдын алу және микробтарға қарсы препараттарына қарсытұрушылықпен күрес жөнінде ақпараттылығын арттыру мақсатымен поликлиниканың веб-сайтында фото-есеппен қоса өткізілген шаралар жөнінде ақпарат орналастырылды.

IMG_6103

IMG_6127

IMG_6144






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа