«Арманыңа сен!» вокал конкурсы
Конкурс ұйымдастырушылары: Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы, Нұрлан Есембаев продюсерлік орталығымен бірлесе отырып Павлодар облысы «Саламатты Павлодар» медициналық қызметкерлер Қауымдастығы ҚБ.
Конкурстың негізгі идеясы: шығармашылық потенциалды көрсету, медициналық қызметкерлердің жан-жақтылығын көрсету.
«Арманыңа сен!» вокал конкурсы екі айналымда өтті:
2 кезеңнен тұрған іріктеу айналымы
1 кезең 2017 жылғы «14» наурыз күні Павлодар қаласының № 2 ауруханасының мәжіліс залында өтті. Бұл конкурсқа поликлиника атынан неврапотолог дәрігері Сеилханова А.У. мен Мичурино ауылының мейіргері Остякова Н. қатысты.
2 кезең 2017 жылғы «17» наурыз күні өтті.
Іріктеу кезең қорытындылары бойынша медициналық қызметкерлер арасындағы вокал конкурсының екінші айналымына Остякова Наталья өтті.