Алғыс айту күні!
1 наурыз-Алғыс айту күні көпұлтты ел бірлігінің символына айналды. Мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу күніне орайластырылған және 2016 жылдан бастап елімізде атап өтіледі. Мерекелік күн жас ұрпақтың бойында бір-біріне деген толеранттылық, құрмет пен достық сезімін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл күні 2022-2023 жылдардағы пациенттердің көптеген ризашылықтары мен оң пікірлері үшін әкімшілік отоларинголог В. Е. Чистяковты марапаттады. Шын жүректен құттықтаймыз және пациенттер үшін әрқашан керемет және құрметті дәрігер болуды тілейміз!