Азаматтарды қабылдау
Ағымдағы жылдың 18 наурызында партияның Павлодар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында “Ардагерлерді ардақтайық”партиялық жобасы аясында Бірыңғай тақырыптық қабылдау өткізілді. Қабылдауды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.А. Гейнц, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.П. Кузят, аудандық емхананың бас дәрігері Г. М. Каирбаева жүргізді. Көпбалалы отбасына көмек көрсету мәселесі оң шешімін тапты. Азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді. Басқа сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.