“Өз жүрегіңді сақта” тақырыбына сынып сағаты
Салауатты өмір салты қағидаларын сақтау арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу маңыздылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру, зиянды тамақ өнімдерін, алкоголь мен темекіні қолданудан бас тарту мақсатында Маралды ЖБМ-де аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында мейірбике адамның ағзасындағы басты орган ретінде жүректің рөлін және өмір бойы функцияның маңыздылығын талқылай отырып, “Өз жүрегіңді сақта” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Содан кейін оқушылар АҚ өлшей білуін көрсетті. Соңында оқушыларға буклеттер таратылды.