ОСМС арқылы психологқа жүгінуге бола ма?
Иә, ОСМС арқылы психологтың кеңесін тіркелген емханада тегін алуға болады. Бұл қызмет алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) аясында, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтары арқылы көрсетіледі. Қабылдау, кеңес беру және профилактикалық көмек қамтылады.
Жолдама алу үшін учаскелік терапевтке жүгіну керек, ол психологқа жолдама береді.
Жасөспірімдер мен жастар емханалардағы жастар денсаулық орталықтарына тікелей жүгіне алады.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.