Шакат ауылының ФАП-ында тұрғындарға туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық әңгіме өткізілді.
20.03.2026
👩⚕️ Қатысушыларға аурудың қалай таралатыны, қандай белгілерге назар аудару керектігі және дәрігерге дер кезінде жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
📌 Сонымен қатар қарапайым қауіпсіздік шаралары айтылды: гигиенаны сақтау, тұрақты флюорографиялық тексерулерден өту және салауатты өмір салтын ұстану.
💙 Туберкулез — қауіпті ауру, бірақ оның алдын алуға болады. Денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.