Туберкулездің алдын алу айлығы аясында Зангар ауылының тұрғындарымен ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
11.03.2026
👩⚕️ Кездесу барысында қатысушыларға туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы айтылды.
📌 Сонымен қатар аурудың алдын алу шаралары, флюорографиялық тексеруден тұрақты өту қажеттілігі және салауатты өмір салтын ұстану туралы түсіндірілді.
💙 Алдын алу және ауруды ерте анықтау — туберкулезбен күрестегі маңызды қадам.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.