“Ішімдіктің алдын алу. Жас ағзаға тигізетін зияны” тақырыбына дәріс оқылды
07.12.2016
2016 жылғы 27 қазанда Мичурино ауылының мектебінде Ішімдіктен бас тартудың Ұлттық күніне орай, психолог Б.Жұматаевамен және нарколог дәрігерімен «Ішімдіктің алдын алу. Жас ағзаға тигізетін зияны» тақырыбына дәріс оқылды. Дәріс соңында барлық тыңдаушыларға ақпараттық білімділік материалдар таратылды.