Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгіне аласыз?
– учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
– аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
– бейінді маманның кеңесіне жазыла алмасаңыз, маман болмаса немесе оған бір айдан кейін жазылыңыз десе;
– медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
– жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
– диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
– көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
– дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
– өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
– жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.
Пациенттерді қолдау қызметі – «осында және қазір» көмек көрсету.




Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.