Достық ауылының мектебінде оқушыларға арналған 🚫 «Нашақорлық туралы не білу керек?» тақырыбында дәріс өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға есірткіге тәуелділіктің пайда болу себептері, оның физикалық және психикалық денсаулыққа тигізетін зияны, сондай-ақ оқуына, отбасына және болашағына әсері туралы түсіндірілді.
⚠️ Профилактика мәселесіне, жеке жауапкершілікке және теріс ықпалға қарсы тұра білуге ерекше назар аударылды.
👩⚕️ Оқушыларға саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
💙 Өз болашағыңызды қорғаңыз — дұрыс таңдау жасаңыз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.