140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

15.12.2025

Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.

Медбике немесе фельдшер:
– Дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілсе;
– Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
– Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.

Ал учаскелік дәрігер:
– Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
– Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.

Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.

-->





Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа