Вирустық гепатитпен күресудің халықаралық күні
2016 – 2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 25.04. «2016 жылға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын алу шаралар Жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру барысында, салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығының ұйымдастырушылық – әдістемелік басшылығымен, 2016 жылғы 28 шілде – 28 тамыз аралығында республиканың барлық аймақтарында вирустық гепатитпен күресудің халықаралық күні айлығы өткізілуде.
Айлық мақсаты: вирустық гепатиттерді жұқтыруды ескерту шаралары туралы ақпараттандырылуды арттыру, өмір үдерісі бойында зін – өзі сақтау мінез – құлқына дағдыландыру.
2016 жылғы 24 тамызда тұтынушылардың құқықтарын қорғау Павлодар аудандық басқармасының қатысуымен емхана негізінде ауданның медициналық қызметкерлерімен вирустық гепатиттің алдын алу бойынша семинар өткізілді.