Кеңейтілген аппараттық кеңес
Бүгін Zoom бейнебайланысы арқылы өткен кеңейтілген аппараттық кеңес барысында коронавирус жұқпасының ауданда таралуы талқыланды. Павлодар ауданында жыл басынан бері 25.01.2021 дейін COVID-19 ауруының 97 лабораториялық дәлелденген жағдайы тіркелді. Оның ішінде аурудың клиникалық түрімен 54 адам (55.6%), симптомсыз түрімен 43 жағдай (44%) анықталды. Бүгінде аурудың клиникалық түрімен науқастанғандардың ішінде 17 адам қаладағы стационарларда ем алуда, 33 азамат жеңіл түрімен ауырғандықтан үйден ем алуда, медициналық бақылаудан төрт адам алынды. Симптомсыз түрін жұқтырған 43 адамның 31-і үйде, карантин жағдайында тұрып жатыр, бақылаудан 12 адам алынды. Ауруды жұқтырған адамдардың ішінде 27% кәсіпорын мен ұйым жұмысшылары, 22% мектеп оқушылары, 21% зейнеткерлікке шыққан егде жастағы адамдар мен 19% жұмыс істемейтін азаматтар.
Мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырған оқушылар ауданның он мектебінде анықталды. Бұл сандар Сіздерді ойландырып, өз денсаулығыңызды күтіп, аурудан сақтанып жүруге шақырамын.