Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша каскадты оқыту
Бүгін 11 желтоқсанда Павлодар ауданының емханасында дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлерін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша каскадтық оқыту өтті. Каскадты оқыту барысында емхананың қызметкерлері білуі тиіс МӘМС туралы негізгі ережелер, медициналық көмек алу тәртібі, жарна мөлшері айтылды. Дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері медициналық сақтандыру туралы пайдалы ақпаратпен танысты.