140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Медициналық қызметкерлердің тұмау және ЖРВИ алдын алу

08.11.2019

Тұмау мен ЖРВЖ алдын алу мақсатында Павлодар ауданы ЖОМ медицина қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, тұмау — бұл жіті респираторлық вирустық инфекцияның бір түрі. Тұмау басқа инфекциялардан аса ауыр ағыммен, асқынулардың болуымен ерекшеленеді және өліммен аяқталуы мүмкін.

Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті. Міне, сондықтан тұмаумен ауырған кезде кішкентай балалар, қарт адамдар, сондай-ақ жүрек пен өкпенің созылмалы ауыр ауруларымен ауыратын науқастар аса қауіпке ұшырайды. Мұндай науқастарда созылмалы аурулардың асқынуы байқалады: бронх демікпесі және созылмалы бронхит, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек аурулары, зат алмасуының бұзылуы және т. б.

Дәріс барысында мектеп медбикесі тұмау мен ЖРВИ дегеніміз не, жұқтыру қалай және ең бастысы – одан қалай қорғану керектігі туралы айтып берді, сондай – ақ сауалнама жүргізді және тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы бейнероликтер көрсетті.

85847785-FC0F-463D-A6AB-D389AC84DA72

319FC80A-65BE-4C0E-97C1-52FEC7A585A7

295E46B4-B61F-401A-A3CA-5F2157A7746C

6D1E3F14-5F16-497A-9304-0BB6E275FD4D






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа