Дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілері
5 қазанда “Жұлдыз” стадионында медицина қызметкерлері арасында дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін тапсыру бойынша спорттық іс-шара өтіп, оған Павлодар ауданы емханасының қызметкерлері белсенділікпен қатысты.
Президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын жаттығулар жиынтығы. ⠀
Президенттік тестілер Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.
⠀
Президенттік тестілер екі деңгейге бөлінеді:⠀
· Президенттік деңгей — жан-жақты дене бітімі дамыған адамның деңгейі.⠀
· Ұлттық дайындық деңгейі-халықтың физикалық дайындығын анықтайтын деңгей.