Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы
МӘМС қорының қызметкерлері Павлодар ауданы емханасының спикерімен бірге Ольгинка және Ново-Ямышево ауылдарының тұрғындарымен 18 қазанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлер емханаға тіркелу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін анықтау және МӘМС жұмысының схемасы туралы түсіндірді. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді.