Әлеуметтік қызметкер күні
2019 жылғы 24 қазан күні мереке қарсаңында Павлодар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік қызметкер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Әлеуметтік қызметкердің мамандығы дертке, егде жасына, қалыптасқан жағдайларға байланысты бөгде адамдардың көмегінсіз жүре алмайтын адамдар үшін жанкешті еңбек етуге дайын адамдар үшін ғана өмір сүру ісіне айналады. Әлеуметтік қызмет қызметкерлері көптеген жалғыз басты және қарттар, мүгедек балалар үшін ең жақын, ең қымбат, жақын адамдар болып табылады. Дәл осы әлеуметтік қызметкерлер неғұрлым аз қорғалған адамдарды қолдаудың мемлекеттік саясатын іс жүзінде іске асырады,олармен үнемі байланыста болады. Мінсіз жұмысы үшін және әлеуметтік қызметкер күніне байланысты әлеуметтік сала қызметкерлеріне Павлодар ауданының әкімі Ж. Шұғаевтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Әлеуметтік қызметкерлерді Павлодар ауданының шығармашылық ұжымдары төл мерекелерімен құттықтады. Соңында барлығы салтанатты үстелге шақырылды.