Халықаралық психикалық денесаулық күні
Ұлттық бағдарлама шеңберінде: «Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған, 2018 жылғы 9 қазан күні 6-7 сынып оқушылары арасында психикалық жағдайының тұрақтылығын алдын алу мақсатымен «Стресске жол бермеу» тақырыбына дәріс оқылды. Мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеп отырған жас жеткіншектер арасында келеңсіз жағдайлардың
алдын-алу, психологиялық ахуалды жандандыру, жақсарту, өмірдегі адамгершілік, отбасылық, татулық құндылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. оқушыларға стрессті басқару тақырыбына бүктемелер таратылды. Дәріс мақсатына жетті, оқушылар стресстен қорпау керектігіне және оны басқара алатынына көз жеткізді.