140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Құтыру ауруын алдын алу

03.10.2018

2018 жылғы 3 қазанында Павлодар ауданы емханасының мәжіліс залында медициналық кеңес отырысында Павлодар ауданының мал дәрігерлік қызметі бас дәрігері Төлеубай Темірұлы Садвакасов сырқат жануардан адамға берілетін, өлімге әкеліп соқтыратын – құтыру ауруы жөнінде сөз қозғады. УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУ – АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!

Құтырудың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрақты мекен жайы бойынша емдеу мекемелеріне медициналық көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған, тістелген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда жарақат орыны сабынды таза сумен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабиялық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде құтыруға қарсы екпе алу болып саналады. Егер өзіңізге белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық 6 реттік егу курсы тағайындалады (0,3,7,14,30,90 күндері). Жабайы хайуанаттарды өз қолыңыздан тамақтандырмаңыз! Өзіңізді және туыстарыңызды сақтаңыз!

AB11A477-E280-41C6-AA12-0072909995F6

 






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа